Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жамбылдағы шаруалар субсидия саясатының дұрыс жүргізілмей жатқанына қарсы

AstanaTV
15.08.2017ж. 20:00
2256
Жамбылдағы шаруалар субсидия саясатының дұрыс жүргізілмей жатқанына қарсы

Жамбылдағы шаруалар субсидия саясатының дұрыс жүргізілмей жатқанына қарсы. Айтуларынша, агрокешенге бөлінетін қыруар қаржы шаруаларға несие түрінде беріледі. Алайда, министр ауысқан сайын субсидия беру саясаты өзгеріп, несиені өтеуде қиындық туады.

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Парламент мәжілісінің қос депутаты Бақытжан Ертаев пен Сапархан Омаровқа Жуалы ауданының шаруалары осылай деп мұңын шақты. Өйткені басқа идеямен келген шенеунік несиені өтеу талаптарын түрлі тәсілдермен өзгеріске ұшыратады деді. Сондықтан қарызды өтеу үшін «Агробизнес 2020» бағдарламасындағы кейбір пункттерді 5 жыл бойы өзгертпесе деп отыр. Ал сүт өнімдерін шығаруда қымбат құрылғылар алу үшін несие пайызын төмендетуді сұрады.

Сапархан Омаров,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мал өнімдері, сүт өнімдерінің 80 пайызынан жоғарғысы жеке үй қожалықтарында шығарылады. Солардың барлығын қазір бір жерден стандартты түрден шығару үшін, кооперативтер жөнінде заң қабылданған. Кезінде қабылданған заңдарды түсіндіру, сол заңдардың қалай жұмыс істеп жатқанын іс жүзінде көру.

Мәжілісмендер Орталық Азиядағы қуаттылығы 50 мегаватт болатын «Бурное Солар» күн электр станциясына да барды. 2 жыл бұрын ашылғанына қарамастан, жылына 74 миллион киловатт қуат көзін алуға қауқарлы станция бұл көрсеткішті 79 миллионға жеткізіп отыр. Қазір тәулігіне 330 мың киловатт күн көзінің қуатын алады.