Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Өскелең ұрпақ латын әліпбиін еркін меңгереді - З.Жүсіпова

AstanaTV
15.08.2017ж. 20:00
2023
Өскелең ұрпақ латын әліпбиін еркін меңгереді - З.Жүсіпова

Өскелең ұрпақ латын әліпбиін еркін меңгереді. Бұл бағытта еш қиындық туындамай қоймайды. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған Елбасы мақаласын талқылау барысында Зәуре Жүсіпова осындай ойды ортаға салды. Орталық балалар және жас өспірімдер кітапханасында өткен жиынға этномәдени орталықтардың өкілдері мен жастар қауымы қатысты. Қалалық мәслихат депутатының пікірінше, латын әліпбиінің қалың көпшілікке етене таныс болып кетуінің бір себебі - жаңа технологиялар.

Зәуре Жүсіпова, Астана қалалық мәслихатының депутаты:

Менің ешқандай күмәнім жоқ бейімделмейді дегенге. Бейімделіп кетеді. Өйткені қазір бір-біріне тіпті хат жазғанда, латын алфавитін қолданып жатыр жастарымыз көбінесе. Осы латын алфавитіне көшу тақырыбы көтерілгеннен бері тіптен өршіп кеткен сияқты, меніңше. Алфавитке қалай біз біртіндеп көшеміз? Графикасы қашан, алфавиті қандай болады? Кітаптарды қашан шығарамыз? Қандай кітаптар, қандай топтамалар деген сияқты. Біртіндеп нақты сондай өзімізге бағдарлама қоюымыз керек.