$538.89 €629.53 ₽6.34
×

ИЛИМ аталып жүрген террорлық топтан сақтану үшін әлеуметтік желілерді бұғаттау қажет

AstanaTV
02.07.2015ж. 13:00
ИЛИМ аталып жүрген террорлық топтан сақтану үшін әлеуметтік желілерді бұғаттау қажет

«Ирак-Левант Ислам мемлекеті» аталып жүрген террорлық топтан сақтану үшін, әлеуметтік желілерді құлыптау қажет. Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиевтің пікірі осындай. Оның сөзінше, әлеуметтік желіде террористердің парақшалары толып жүр. Әлемнің барлық елдері осы орайда түбегейлі шаралар қабылдап жатыр. Сонымен қатар, шетелге оқуға кететін студенттерді де ерекше назарға алу керек, - деді депутат. «Премьер-министр, үкімет, бас прокуратура желілерді қатаң бақылағаны дұрыс», - деп түйді өз ойын Әлиев. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың отбасымен бірге аталмыш террорлық топтардың қатарына өтіп кетіп жатқаны аса алаңдатарлық жайт екенін мойындаған.

Жұматай Әлиев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Неліктен Қытайдың Great Firewall арнайы бағдарламасына ұқсас бағдарлама жасамасқа, ол Қазақстанның әлеуметтік желілерін бақылайтын еді. Еуропада бірыңғай полиция бөлімшелері жасақталып жатыр. Олар қандай да бір теріс ағымдағы топтармен байланысты аккаунттарды анықтап, құлыптап отырады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА