$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Жоғары коммуналдық тарифтер - өскемендік кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіруде

AstanaTV
02.07.2015ж. 13:00
Жоғары коммуналдық тарифтер - өскемендік кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіруде

Жоғары коммуналдық тарифтер - бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер Палатасының директоры Игорь Шацкий осылай деді. Өңірде 1 шілдеден бастап суық суға жаңа тариф енгізілген. Бір текше метр су үшін заңды тұлғалар енді 204 теңге төлеуі тиіс. Салдарынан  кәсіпорындар өнім бағасын көтермек. Ал кейбірі тіпті жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Жергілікті наубайхана, кір жуу орындары, шаштараздар мен өзге де кәсіпорындардың басшылары жаңа тарифті қалталары көтермейтінін айтуда. Мәселен, қазір қаладағы 45 наубайхананың 26-сы жабылып қалған. Кәсіпкерлердің айтуларынша, бұл да коммуналдық төлемдердің қымбаттауынан болды. «Қазмырыш» секілді ірі компаниялар ішкі суды тұтынуға көшкен. «Монополияға қарсы комитет тұрғындарға арналған тарифті аса көтермеген. Барлық ауыртпашылық кәсіпорындарға түсіп отыр. Олар үшін тариф төрт жарым есеге өсті. Қаланың су және кәріз жүйелерін қалпында ұстап тұру бизнесмендерге жүктелген», - дейді кәсіпкерлер Палатасының директоры.

Игорь Шацкий, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры:

Тарифтің өсуінен шағын - орта бизнес иелері зардап шегетін болса, тұрғындар қайда  жұмыс істейтін болады? Коммуналдық қызмет бағасының жиі өзгеруі бизнеске кедергі келтіруде. Еуропалық кәсіпкерлерге керісінше жеңілдіктер жасалады. Бізде сондай жүйеге көшуіміз керек. Тариф төмен болса, баға да өспейді.

Жұрағат БАМАН