АҚШ пен Куба өз елшіліктерін
қайта ашпақ. СNN телеарнасының хабарлауынша, Құрама штаттар Президенті Барак
Обама бұл жаңалық туралы Ақүйден арнайы хабарлайды. Куба Сыртқы істер
министрлігі АҚШ елшілігі Гаванада 20-шілдеде ашылатынын хабарлады. Вашингтон
мен Гаванадағы дипломатиялық өкілдіктер екі елдің байланысын бекемдей түсетін
қадамдарының бірі. Алайда, бұл бастама мемлекеттер арасындағы кейбір күрделі
мәселелердің шешілуіне жол ашады дегенге кепіл жоқ. Гавана АҚШ-тың түрлі тауар
тасымалына 1962-жылы қойылған шектеуді жоюды талап етуді. Оған қоса,
Гуантанамодағы әскери базасын қайтарып беруді көлденең тартуда. АҚШ пен Куба
басшылары 1961-жылдан бері тоқтап қалған дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа
келтіру туралы 2014- жылдың 17- желтоқсанында жариялады. Айта кетейік, екі ел
арасындағы дипломатиялық байланысты реттеудегі алғашқы ресми келіссөздер биылғы
қаңтарда, Гаванада өткен.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ