Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі конгресс өткізді

AstanaTV
02.07.2015ж. 10:00
2006
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі конгресс өткізді

Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің І конгресі өтті. Жиынға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Алғашқы отырыс, бейресми форматта өтіп, қатысушылар бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік алды. Құттықтау сөзінде, мемлекеттік хатшы еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 40 пайыздан астамына әйелдер басшылық ететінін айтып, 1 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік нысанның тең жартысын нәзік жандар басқарып отырғанын жеткізді. Ал, Халық банк акционерлік қоғамының төрайымы болса, ер адамдарға қарағанда әйелдерге несие берген әлдеқайда сенімді деді.

Үміт Шаяхметова, «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы, «Атамекен» ҰКП жанындағы Іскер ійелдер кеңесінің аймақтық палата төрайымы:

Әйелдер ер адамдарға қарағанда несие төлеу жағына келгенде жауапты. Біздің банк кәсіпкерлікті қолдау аясындағы мемлекеттік бағдарламалар негізінде іскер әйелдерге 1 миллиардтан астам теңге берді. (Бұл сомма көп емес). Әйелдер көбінесе білім беру, маркетинг, азық-түлік өндірісі сынды салаларды дамытып жатыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА