Хабарымыздың соңында ауа райы
туралы мәлімет. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, алдағы күндері ел
аумағында күн салқындайды. Шілденің алғашқы он күндігі жаңбырлы болмақ,
ара-тұра қатты жел тұрады. Әсіресе алдағы сенбі-жексенбі барлық аймақтарда ауа
райы күрт өзгереді. Солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық өңірлерде желдің
жылдамдығы шамамен секундына 25 метрге жетпек. Ауа температурасы, түнде
оңтүстікте +15-20 градус, ал солтүстік пен орталықта +7-12 градусқа дейін
түседі. Қостанай облысының жекелеген аудандарында түнде ауа температурасы +4
градус болмақ. Сондай-ақ, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауады деген болжам бар.
Ал, шілденің екінші онкүндігінде күн қайтадан ысиды.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА