Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Иран мұнайы нарыққа кірсе де, «қара алтын» бағасы еш өзгермейді

AstanaTV
02.07.2015ж. 13:00
859
Иран мұнайы нарыққа кірсе де, «қара алтын» бағасы еш өзгермейді

Иран мұнайы нарыққа кірсе де, «қара алтын»  бағасы еш өзгермейді. Бұл туралы «Deutsche Welle» басылымы өз сарапшыларына сілтеме жасап жазады. Венада Тегеран мен алтылық елдері Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөздер жүргізуде. Кейбір ақпарат құралдары екі тараптың ортақ мәмілеге келіп те қойғанын хабарлауда. Яғни, бұл Иранға қойылған шектеулер алынып, ел жақын уақытта мұнай нарығына оралады дегенді білдіреді. Иранның мұнай өнеркәсібі министрі Бижан Намдар Занганенің айтуынша, елдегі мұнай өндірісінің көлемі санкциялар енгізілмей тұрған кездегі көлемге жететін болады. Яғни, ирандықтар тәулігіне 2,85 миллион баррель мұнай өндіруді көздеуде. Алайда бұл шаралар Вашингтон шектеулерді алып тастаған соң іске асады. Әзірге  тараптар санкцияны алып тастау және бұл үшін Иранның бірқатар міндеттемелерді орындауы туралы келіссөздер жүргізуде.

Жұрағат БАМАН