Ақтөбеде әлеуметтік
наннын бағасы 4 теңгеге қымбаттады.Сәрсенбі күні 1-ші сұрыпты ұннан жасалатын
нан бағасы сауда сөрелеріне 53 теңгеден жеткізілген. Бұл туралы облыстық ауыл
шаруашылық басқармасының басшысы хабарлады. Шенеунік қымбатшылықтың басты
себебі - бидайды тасымалдау шығындарына байланысты болып отырғанын айтты.
Ақтөбе облысы егінді аймақ қатарында болмағандықтан, өндірушілер астықты солтүстік
өңірден тасуға мәжбүр. 2015- жылға республикалық тұрақтандыру қорынан бөлінген
35 мың тонна бидайдың 18 мыңы наубайханаларға жеткізілген. Егін ору науқанына
әлі бірнеше ай бар. Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде де нан бағасын 5
теңгеге көтерілген болатын. Ол кезде бағаның өсуін аймақтағы ең ірі наубайхана
- «Рамазанның» өкілдері жанар-жағармай құны мен коммуналдық төлемдердің
қымбаттауымен байланыстырған.
Қаржаубай
Ибрайымұлы, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Үкіметтің қаулысы
шықты март айында. Нанның бағасын 4 теңгеге дейін көтеруге биылға дейін рұқсат
берді. Стаб фондынан бөлінетін нанның бағасын. 4 теңгеге көтеруге.
Мансұр ЕСХОЖИН