Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президенттің қатысуымен өткен телекөпірде 10 жаңа нысан іске қосылды

AstanaTV
02.07.2015ж. 20:00
1158
Президенттің қатысуымен өткен телекөпірде 10 жаңа нысан іске қосылды

Бүгін елімізде онлайн режимінде 10 жаңа индустриялық-инфрақұрылымдық нысан іске қосылды. Жыл сайын  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін дәстүрлі телекөпір биыл да ерекшеліктерге толы болды. «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі бірқатар тың жобаларға жан бітті. Үкімет әдеттегідей Мемлекет басшысынан алдағы бесжылдықта атқарылуы тиіс басты тапсырмаларды алды.

Жалпы ұлттық телекөпірдің Теміртау металлургиялық комбинатындағы жағымды жаңалықпен басталуы түсінікті. Теміртауда № 3-ші  домна пеші жаңартылды.  Инновациялық технологиямен жабдықталған өндірістен енді жылына 2,3 миллион тонна шойын алып, болат өндірісін үздіксіз қамтамасыз етуге болады.  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ  №3 домна пешін қайта құруға  және жаңғыртуға 32,2  млрд теңге жұмсаған. 278 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі тікелей эфирді  пайдаланып, Президент металлургтерді  мерейтоймен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

Завтра исполняется 55 лет со дня получения первого чугуна на Казахстанской Магнитке, участником которой я был. Я знаю, что там собрались ветераны комбината. Я рад вас приветствовать и поздравить с этим днем. Желаю всего доброго. Непростые времена сейчас переживаем мы все, в том числе металлургический комбинат.

Индустрияландырудың екінші бес жылдығы биыл басталғаны белгілі. 100-ге жуық жобаны қолға  алу жоспарда бар. Жарты жылдықта 20 жоба іске қосылған. Жетеуі шетелдіктердің қатысуымен іске асуда. Он жоба бүгін телекөпір  арқылы  таныстырылды. Әлемдік  экономикалық қиындықтарға байланысты елімізде машина құрастыру 30 пайызға төмендеген. Біраз жобаларды уақытша шегеруге де тура келді. Дегенмен, екінші бес жылдық инновациялық бағытта дамуға басымдық береді. Президент әлемдік трендтерден тыс қалмауды тапсырды. Бұрынғыдай елу жылда ел жаңа деп отыратын заман емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

Сейчас совершенно новый подход идет, будет сужаться использование минеральных ресурсов, и переход на новый уклад развития экономики нам нельзя прозевать. То, что мы делаем, должно было быть сделано в Казахстане давно, лет 30-40 назад, но мы вынуждены делать это сегодня. Без этого нельзя прыгать дальше. Не упустите это.

Бүгін Оңтүстік Қазақстанда Корей компаниясымен бірлескен трактор шығаратын зауыт ашылды. Қостанайда сүт өнімдерін өндіретін цех қолданысқа берілді. Ал Жамбыл облысында қуаттылығы 50 Мватт күн электрстанциясы іске қосылды. Жиналған қорды қиын-қыстау жылдары ысырап қыла бермейміз,-деп ескертті Назарбаев. Әсіресе әкімдер ел экономикасын тығырықтан құтқару үшін, өңірлерде жаңа резервтер іздестіруі керек. Табыс әкелетін тетіктерді ойластыру қажет - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мы говорим о торговле за океаном, тихом океане и так далее, между областями связи нету. Это безобразие вообще. Каждый сидит как князь который как собака на сене. На своих товарах, в своей области. Выходите, выезжайте к соседям. Узнайте что им нужно, что у них брать? Как совместно построить совместное предприятие. Вместе с тем Нұрлы жол будет стимулировать нашу промышленность и сферу услуг.

Қазақты әлемге әйгілейтін бренд туралы бүгін тағы айтылды. Жапондар сушиімен, Француздар әтірімен, голландықтар -  раушан гүлімен атақты. Тіпті, «Эйрбас» ойлап табудың қажеті жоқ деп, Президент бұған бас қатырып жүргендердің жүгін біраз жеңілдетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Францию все знают, какие духи дамам они выпускают, и по хорошим винам. Японцы нас, казахов, которые икру не ели, заставили есть сырую рыбу. Когда 20 лет назад казах мог есть сырую рыбу? Нидерланды известны тюльпанами. Ни по каким-то другим делам, а именно по этим узнаем страну. Почему бы и нам об этом не подумать?

Президенттің әр сөзін жадына тоқып, бас шұлғып  отырған Үкіметтегі атқамінерлерді  Назарбаев «Ұлы дала ұлдарымыз» деп жігерлендіргісі келген сияқты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Япония - страна восходящего солнца. Корея - страна утренней свежести. Нидерланды - страна тюльпанов. Китай - поднебесная. Нам тоже этого не хватает. Казахстан - страна великой степи. Великая степь, вечное синее небо. В смеси родился цвет нашего флага, который я придумал. Это для того, чтобы вы все знали. Единый свет объединяющий нашу страну. Мы дети великой степи. Мы не просто номады. Вот под этим лозунгом, под новым брендом мы должны показаться миру новым Казахстаном. Для этого я предложил идеи индустриализации, новой экономической политики, пяти индустриальных реформ.

Иә, күннің басты тақырыбына қайта оралсақ, 2010-2014 жылдар аралығында 75 мың тұрақты жұмыс орыны бар, 770 жоба қолданысқа енгізілген. Тапсырылған  жобалардың  80 пайызы жоспарлы қуаттылыққа шықты. Жаңа кәсіпорындар 4 трлн. теңгеге өнім шығарып,  628 млрд. теңгенің өнімін экспорттады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА

Алдыңғы жаңалық