$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Астанада белгілі журналист Жанай Омаровтың «Время которое живет в нас» кітабының тұсаукесері өтті

AstanaTV
02.07.2015ж. 20:00
1420
Астанада белгілі журналист Жанай Омаровтың «Время которое живет в нас»  кітабының тұсаукесері өтті

Белгілі журналист Қазақстан журналистика академиясының академигі Жанай Омаров Астана күні мерекесіне жүрекжарды тың туындысын тарту етті. Кітап  «Время которое живет в нас» деп аталады. Автор жинаққа 20 жыл бойы баспасөзде жарияланып келген мақалалары мен сан алуан тақырыпты қозғаған баяндамаларын енгізген. Сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда қызмет еткен жылдар туралы естеліктері де жинақтан орын тауыпты. Және ең бастысы бұл жинақта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған үш жыл мерзімдегі естеліктері бар. Елбасының салмақты ойлары туындыда өзіндік орын тапқан. Сонымен қатар Президенттің тынымсыз еңбегінен сыр шертетін тарихи суреттер де топтастырылған. Жүрегіме жақын тақырып - Елбасы туралы жазбалар дейді автор. 

Жанай Омаров, «Время которое живет в нас»  кітабының авторы:

Президенттің тұлғасы соншалықты көпқырлы сондықтан, мен басқа тақырыпты бұдан маңызды, - деп бөліп жармас едім. Оның қызметіндегі, өміріндегі оқиғалардың барлығы маңызды. Елдің, Қазақстан халқының тарихи тағдырын анықтаудағы Елбасының рөлі аса көрнекті. Біздің бүгінгі барлық жетістіктеріміз бен жеткеніміз ол кісінің Ұлт көшбасшысы ретінде жасаған осы тарихи рөлінің арқасында.

Тұсаукесерге жиналған автордың  әріптестері жылы лебіздерімен бөлісті. Кітапта очерк, эссе, сұхбат, мақала сынды түрлі жанрлардың басы қосылған. Сонысымен де құнды. Бұл  Жанай Омаровтың мұндай форматтағы алғашқы туындысы. Ширек ғасырдың тарихын тоғыстарған туынды журналистерге, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына қызығушылық танытатын мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдеріне және жалпы оқырманға арналған.

Айгүл Әдепбай