Соңғы он шақты күннен бері Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы үш бірдей мал шаруашылықтары шығынға ұшырап жатыр. Ақтөбе мен Павлодар облыстарынан әкелінген асыл тұқымды қойлар белгісіз себептермен қырылып қалған. Бұл жайында бүгін облыстық ветеринария қызметінің мамандары арнайы брифингте хабарлады. Белгісіз індет 24-маусымда басталып, содан бері 228 бас қой арам өлген. Оның 90 пайызы биыл туған қозылар. «Тағы 255 төл қазір ауырып тұр, оларды оқшаулап қойдық», - дейді облыстық ветеринарлық бақылау басқармасы басшысы. Ветеринар мамандардың айтуынша, қойлардың ауыз қуысының шырышты қабаты қабынған, тыныс алуы да қиынға соғып тұрған көрінеді. Шұғыл түрде құрылған арнайы комиссия зерттеу жұмыстарына кірісіп кетті. Қазір ауырған малдан жұқпалы ауруларға қарсы патологиялық үлгі және ошақтағы шөптен, топырақтан, судан сынамалар алынған. Сараптама нәтижесі 10-15 күнде белгілі болады. Ал мамандар болса бірнеше болжамды алға тартып отыр.
Ерсұлтан Әпетов, Қызылорда облыстық ветринарлық бақылау басқармасының басшысы:
Ыстықтың салдарынан өкпе болуы мүмкін төлдер биылғы, қазір өздеріңіз білесіздер 46-47 градус болып тұрды. Содан кейін отравление болуы мүмкін. Өйткені ауыздары көпіріп, өкпесі қабылып, патологияық материалдар алғанда сондай белгілер байқалды. Барлығын осы ветеринарилық зертханалар, яғни вирусологиялык, бактериологиялық, токсикологиялық зерттеулер жүргізіледі, сол сараптама негізінде қорытынды беретін боламыз.
Шәрипа
САҚТАПОВА