Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Байқоңырдан «Союз-У» зымыран тасығышына тіркелген «Прогресс М-28» ғарыш жүк кемесі сәтті ұшырылды

AstanaTV
03.07.2015ж. 13:00
1286
Байқоңырдан «Союз-У» зымыран тасығышына тіркелген «Прогресс М-28» ғарыш жүк кемесі сәтті ұшырылды

 Байқоңыр ғарыш айлағынан  «Союз-У» зымыран тасығышына тіркелген «Прогресс М-28» ғарыш жүккемесі сәтті ұшырылды. Ракетаның ғарышқа сапарын америкалық НАСА тікелей эфирде көрсетті. Астана уақытымен таңғы сағат 07:57-де іске асырылған ұшырылымда «Прогресс» орбитаға жоспар бойынша жеткізілді. Зымыран бөліктері дер кезінде бөлініп, күн батареялары уақытылы ашылған. Ғарыш аппараты енді екі күн бойы дербес қалқу режимінде ұшады. Ол 5 шілдеде Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі деп күтілуде. «Прогресстің» бортында оттегі, отын, ғылыми сынақтарға арналған жабдықтар, дәрі-дәрмектер, тамақ, су, ауа және ғарышкерлерге арналған сәлемдемеден тұратын 2,5 тоннадай жүк бар. Айта кетейік, биыл Халықаралық ғарыш станциясына жүк тасымалдау мақсатында екі ракета ұшырылған. Оның бірі ресейлік «Прогресс» болса,екіншісі америкалық «Dragon» жүк кемесі тіркелген «Falcon 9» зымыран тасығышы. Алдыңғысы  антенналары ашылмағаны себепті ғарыш станциясымен түйісе алмаған. Ал АҚШ зымыран- тасығышы ұшырылым барысында жарылып кетті. Еске салайық, соңғы сәтті ұшырылымды «SpaceX» компаниясы 14 сәуірде іске асырған.

Жұрағат БАМАН