«Астана Еуропа мен Азияны ғана
тоғыстырып қана қоймай, Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдениеті
мен руханиятын біріктірген бірегей шаһарға айналуы тиіс». Астана күніне орай
Ұлттық мұражайда ұйымдастырылған, «Астана сәулеті: бүгін, ертең» атты жиынға
келген танымал сәулет және мәдениет саласының мамандары осындай ойларымен
бөлісті. Басқосу барысында Еуразия континентінде пайда болған жас Астананың
әлемдік архитектурада алатын орны, құрылыс кешендерінің өзіне тән ерекшеліктері
және қаланың болашақтағы даму жоспары талқыланды. Сондай-ақ, жиында
««ЭКСПО-2017» болашақтың энергиясы» жобасы таныстырылып, көрме кешендері жайлы
мәлімет берілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар Астананы феномен ретінде
қарастырып, оның әлем қауымдастығының рухани, діни және экономикалық орталығына
айналып отырғанын атап өтті. Жиын соңында келушілерге арналып Ұлттық музейдің
залдарына экскурсия ұйымдастырылды.
Жандарбек Мәлібеков, ҚР
Елтаңбасы авторы:
Бұндай қала дүниежүзінде еш
жерде жоқ. Шын мәнінде көптеген батыстан, шығыстан келіп жатыр, барлық
жерлердің көріністері бар. Бұл деген жаңа айтып жатқан Елбасымыздың үлкен
саясатының белгісі деп ойлаймын. Мүмкін соның арқасында, архитектураның
арқасында, архитектураның осындай көрінісі арқасында еліміздегі татулықтың
белгісі сақталып отыр деп ойлаймын.
Жұрағат БАМАН