$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Тунистегі қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 12 адам қамауға алынды

AstanaTV
03.07.2015ж. 10:00
777
Тунистегі қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 12 адам қамауға алынды

Тунис билігі, Сус қаласында болған террактіге қатысы бар деген күдікпен 12 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Independent хабарлайды. «Күдіктілер, курортта демалып жатқан адамдарға оқ атқан -23 жастағы Резги Сейфуддинмен бірге, Ливия лагерінде әскери жаттығудан өткен» деген болжам бар. Олар Бардо мұражайына шабуыл жасағандармен бірге әуелден жаттыққанға ұқсайды. Еске салайық, Сус қаласында 26-маусымда, бес жұлдызды отель тынығушыларына Резги Сейфуддин оқ жаудырды. Полиция атыс кезінде оның көзін жойды. Дегенмен, қырыққа жуық адам теракт құрбаны болды. Олардың арасында британдықтар, немістер, бельгиялықтар және Ресейден бір турист болған. Бұдан басқа тағы қырық адам жараланды. Қанды шабуыл үшін жауапкершілікті өздерін «Ислам мемлекеті» деп атап жүрген террорлық ұйым өз мойнына алды.

Заңғар САНАЙ 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах