Бүгіннен
бастап Қазақстанның кез-келген азаматы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа интернет арқылы тікелей хат жолдай алады. Президенттің ресми
akorda.kz сайты жаңартылған нұсқада іске қосылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз
қызметі хабарлады. Сайттың құрылымы қолайлы бола түсті, дизайны да планшеттер
мен смартфондарда толық көрінетіндей нұсқада жаңартылды. «Президентке хат» функциясы аясында
азаматтардың Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА