$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Көкпектідегі су тасқынына кінәлі деп айыпталған тағы бір кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

AstanaTV
03.07.2015ж. 13:00
980
Көкпектідегі су тасқынына кінәлі деп айыпталған тағы бір кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қарағанды облысындағы Көкпекті су қоймасындағы тасқынға қатысы бар деп айыпталған тағы бір кәсіпкер, «Табиғат-ХХІ» ЖШС-нің директоры Михаил Макеевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы облыстық арнайы прокурорлар басқармасының прокуроры Мұхамедкәрім Бектұрсынов телефон арқылы арнамызға хабарлады. «Макеев Көкпекті тоғанын бекіту, жөндеу кезінде техникалық қауіпсіздік сақтамағаны үшін айыпталған. Алайда, тексеру барысында кәсіпкердің Көкпекті өзенінің бөгетін салуға еш қатыспағаны анықталған», - деді басқарма прокуроры. Сәуір айында суқойманы пайдаланып келген «Шаңырақ» агрофирмасының құрылтайшысы және  директоры Ерлан Чкалов пен Бақыт Әсетовтар де қылмыстары дәлелденбегендіктен жауапкершіліктен босатылған болатын. Қарағандыдағы арнайы прокурорлар басқармасының ақпаратына сүйенсек, бүгінде Көкпекті апатына қатысты тағы 3 адамның ісі әлі қаралуда. Олар- аталған «Табиғат -ХХІ» фирмасының құрылтайшысы, ауыл әкімі және Бұқар жырау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің жетекшісі. Еске салсақ, өткен жылы наурыздың 31-і күні Көкпекті суқоймасының бөгеті жарылып, ауылдың 300-ден астам үйін сел шайып кеткен болатын. Апаттан 5 адам қаза тапқан еді.

Айжан ҚУАШ