$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Нұр Отан партиясының қатары танымал тұлғалармен толықты

AstanaTV
03.07.2015ж. 20:00
932
Нұр Отан партиясының қатары танымал тұлғалармен толықты

«Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Арасында танымал эстрада жұлдыздары да бар. Астанадағы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің мұражайында Елорда күніне орай партия қатарына азаматтар қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 12 азамат Астанаға арнайы келіп, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбектің қолынан партия билеттерін алды. Партия құрамына жаңа мүшелерді қабылдау республика бойынша өтіп жатыр. Елорданың 17 жылдық мерейтойына орай нұротандықтар жаңа белсенділерді салтанатты түрде қатарына қабылдады. Ал, Бауыржан Байбек «Нұр Отанның» жаңа мүшелерін бүгінгі қадамымен құттықтады. Мемлекет басшысының жетекшілігімен игі істер атқарып отырған ауқымды саяси ұйым қатарына қыбалданған азаматтарға ақ жол тіледі.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгін өңірлерде 1200-ден астам қазақстандықтарды біз «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылдап отырмыз. Бүгін Елордамызға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12 азамат, азаматшалар келіп отыр. Біз үшін бүгін үлкен мәртебе сіздерді ресми түрде осы партияға қабылдау.

Түрлі сала өкілдерінің басы бір саяси партияда түйісті. Арасында кәсіпкерлер, қарапайым қызметкерлер, білім саласының өкілдері, тіпті танымал өнер жұлдыздары да бар.

Қайрат Нұртас, әнші:

Менің өмірімдегі ең айтулы оқиғалардың бірі, себебі біздің еліміздегі бейбітшіліктің, ел бірлігінің тұрақты болуы Елбасымыз басқарған Нұр Отан партиясының басты мақсаты екенін білеміз. Ал, азаматтардың, елдің жанжақты дамуының кепілі ол бірлік.

Жанар Дұғалова, «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты:

Елімізде жасалып жатқан игі істердің көбісі бас партияның бастамасы. Партия сан-салала мамандарын қолдап жүреді. Соның ішінде шығармашылық жастар да әрқашанда партияның назарында. Партияның ұстанымы мен саясатымен толықтай келісемін, барынша қолдаймын. Жасампаздықты бағытқа айналдырған азаматтармен бірге болу мен үшін зор қуаныш.

Партияның жаңа мүшелері қуанышын жасыра алмай жатты. Шара барысында олардың көбі нұротандық болуды баяғыдан күткендерін ашық айтты.

Ақан Әбдуалиев, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры:

Менің қазақ екенімді дәлелдейтін Қазақстан мемлекетінің азаматы екенімді дәлелдейтін куәлігім бар. Ал, бірақ Нұр Отан партиясының мүшесі екенімді дәлелдейтін куәлігім жоқ. Содан кейін мен Алматыдағы филалға бардымда мені Нұр Отанға қабылдаңыздаршы, - дедім. Нұр Отан партиясының бір үлкен бағыты осы дәстүрлі өнерді қолдау, мен тікелей сол саланың мүшесі ретінде сол өкілі ретінде мен осы партияны жүрегіммен шынымен қалап алдым.

Рахат Хамидуллин, «Жасыл ел» жастар еңбекшілер отряды республикалық штабының жетекшісі:

Бүгін мен қуаныштымын, бүгін мен бақыттымын десем болады себебі бүгін дәл осы мезетте менің балалық кезімдегі арманым орындалды десем болады. Бүгін балалық кезімдегі арманым сіздің қолыңыздан жүзеге асқанына өте қуаныштымын. Мен Нұр Отан партиясының бүгін мүшесі атанғаныма мақтан тұтамын.

Айта кетейік, партия қатарына салтанатты қабылдау республика бойынша өтуде. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы еліміз бойынша 860 мыңдай азаматты біріктіріп отыр. Ал, Елбасы мұражайы осы шара тұрақты өткізіліп тұратын орынға айналмақ.

Берік ХАСЕНОВ