$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады-Қазақпарат

AstanaTV
06.07.2015ж. 13:00
1251
 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады-Қазақпарат

Әлемдік лидерлер Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап және Астана күніне байланысты жылы лебіздерін білдіріп хат жолдады. АҚШ Президенті Барак Обама Америка халқының атынан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Қазақпарат. «Осы айрықша оқиғаны отбасыңыз бен достарыңыздың ортасында атап өтіп жатқан күні Сізді мынаған сендіргім келеді: мен екі елдің маңызды қарым-қатынастары біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дами беретініне күмән жоқ екеніне сенімдімін», - делінген құттықтауда. Ақ үй басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және бақыт тіледі. Қытай басшысы Си Цзиньпин құттықтау хатында «Сізбен бірлесіп мемлекеттеріміздің тұрақты байланысын қамтамасыз етуге, қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті екі елдің халқының игілігі жолында кеңейтуге әзір екенімді білдіремін»- деген. Ал Ресей Президенті Владимир Путин өз құттықтауында: «Сіз президенттік лауазымда жұмыс істеген жылдары елдегі татулық пен келісімді қамтамасыз етіп, заманауи демократиялық мемлекет құра алдыңыз.»- дейді. Сондай ақ, Испания Королі VI Фелипе де Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтады. Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген. Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

Мөлдір ДЮСЕКИНА