Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бүгін Астана 17 жылдығын мерекелеп жатыр, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 75 жасқа толды

AstanaTV
06.07.2015ж. 13:00
1773
Бүгін Астана 17 жылдығын мерекелеп жатыр, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 75 жасқа толды

Биыл Қазақстанның Елордасы 17 жылдығын мерекелеп жатыр. Сондай-ақ, 6 шілде - Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Мемлекет басшысы бұл күні 75 жасқа толды. Еске салайық, елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылы қабылданған. Елорда 1997 жылғы 10 желтоқсанда арқа төсіне көшті. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Ал, жаңа астананың халықаралық тұсаукесері сол жылы 10 маусымда өтті. 6 шілдеде тойланатын Елорда күні «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына толықтырулар  енгізу туралы» 2008 жылғы 25 маусымда шыққан Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке. Астана күні 2009 жылдан бері Мемлекеттік деңгейде аталып жүр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА