Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Банк 48 азаматтың төлем картасын бұғаттады

AstanaTV
07.07.2015ж. 20:00
1042
Банк 48 азаматтың төлем картасын бұғаттады

«Халық банк», бұған дейін хабарланғандай, барлық клиенттердің емес, тек 48 адамның төлем карталарын бұғаттауға мәжбүр болды. Бұл қадамға баруға алаяқтардың әрекеті себеп болған көрінеді.

Банктің басқарма төрағасының орынбасары Марат Бүркітбайұлының айтуынша, банктің қауіпсіздікке жауапты комитеті Астанадағы банкоматтардың бірінен скимминг құрылғысын тапқан. Аталған электрондық құрылғыны пайдалану арқылы алаяқтар төлем карталарының ақпаратын, жеке кодтарын ұрламамаққа әрекеттенген. Осы жағдайдан соң, банк клиенттер қаражатының қауіпсіздігін сақтау үшін, банкоматты пайдаланған азаматтардың төлем карталарын құрсаулапты. Банк карта деректері қолды болуы ықтимал осы тұтынушыларының төлем карталарын үш күн ішінде өз есебінде жаңартып бермек. Айта кетейік, «Халық банк» карталарының бұғатталғаны туралы алып-қашпа әңгіме кеше тарады.

Марат Әлменов, коммерциялық банк басқарма төрағасының орынбасары:

Абырой болғанда, үлкен сомадағы қаржылық шығын жоқ. Біз дер езінде қауіптің алдын алдық. Қазіргі кезде дүние жүзінде  жоғары технологиялы скардинг операциясы арқылы төлем карталарына шабуыл жасалады. Ондай күн санап артып келеді. Сондықтан біз қырағылық танытуға тырысып жатырмыз. Біздің сайттардың барлығында ескертпелер жарияланған. Клиенттерімізге банкоматтардан ақша алу кезінде бөтен құрылғының болмауына назар аударуларын егжей-тегжейлі баяндаудамыз.