Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нұрсұлтан Назарбаев Абдулла Гүл және Алмазбек Атамбаевты Ақордада қабылдады

AstanaTV
06.07.2015ж. 20:00
914
Нұрсұлтан Назарбаев Абдулла Гүл және Алмазбек Атамбаевты Ақордада қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Екеуара әңгімеде Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының ахуалы, оның түрлі саладағы дамуының басты бағыттары талқыланды. Сонымен қатар Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күнімен құттықтап, елімізге игілік пен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, Назарабаев Ақордада Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел халқының тарихи, тілдік және мәдени жақындығына назар аударды. «Қырғызстанда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы, елдің дамуының жалғасуы, мықты мемлекет болуы - барлық қазақстандықтардың ойы», - деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Алмазбек Атамбаев, екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, Қырғызстан халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа I дәрежелі «Манас» орденін тапсырды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА