$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Астана күні қарсаңында Қызылжарда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

AstanaTV
06.07.2015ж. 20:00
Астана күні қарсаңында Қызылжарда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

Астана күні қарсаңында Қызылжарда көптен күткен білім ордасы - Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Құрылысы 4 жылға созылған мектепте енді 720 бала білім ала алады. Заманауи мектептің айрықша тұстары көп. Білім ошағында нано, биотехнология, робот техникасы сынды бағыттар терең зерттелмек.

Гүлфарида Раисова, Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

Біздің мектептің оқушыларының барлығын біз студенттер деп атаймыз. Себебі бірінші күннен бастап оқушылар білімді алғаннан кейін, білімге бас қойғаннан кейін, ол өзінің күнделікті күн тақырыбындағы сабақтың мақсатына өз тәжірибесі арқылы, өз жаңалығын ашып, сол жаңалықты қорғап, сол жаңалықты жолдастарына, тобына, сыныбына басқа мектептер деңгейінде Назарбаев зияткерлік мектептерінде, дүние жүзінде қорғауға бағытталған.

Еске салайық, Петропавлдағы зияткерлік мектептің құрылысы 2011 жылы басталған еді. Жоспар бойынша нысан 2013 жылы тапсырылуы тиіс болатын. Бұл мектепте білім алуға екі мыңға жуық бала ынта білдірген. Алайда, арнайы іріктеуден оның тек 312-сі ғана өтіпті. Айта кету керек, бұл білім ордасы - ел аумағындағы зияткерлік мектептер жүйесіндегі он сегізінші мекеме.

Абзал ҚҰРМАНКИН