Астана күніне орай, Қарағандыда «Саған,
Астана» атты жеңіл атлетика эстафетасы өтті. Оған мыңдаған қарағандылық
қатысты. Қаланың 7 мыңдай тұрғыны және 300 спортшы Қарағандының тәуелсіздік
алаңынан Теміртауға дейін жүгіріп барды.
Жаппай
жүгіруге Астана күніне тарту жасағысы келген кез-келген тұрғынның қатысуына
мүмкіндік жасалған. Олар - мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер, Қазақстан
халықтары Ассемблеясының мүшелері, спортшылар. Арасында
ардагерлер мен мүгедектер де бар. Еріктілерден құралған 18 топтың әрқайсы
белгілі бір қашықтықты бағындырып Теміртауға дейін 15 жарым қашықтықты жүгіріп
өтті. Халықтық эстафета Теміртауда аяқталды.
Қарағандылықтар осылайша, Астана
күніне ерекше тарту жасай отырып, салауатты өмір салтын дәріптеуді көздеген.
Қаланың орталық алаңына жүздеген спортшы жиналып, білек күштерін көрсетті.
Салтанатты шараны тамашалауға келген халық атынан әуеге Астана күніне арналған
мерекелік шар ұшырылды. Дене тәрбиесін қолдаушылар үшін «Бауырсақ-шоу» және
«Қымыз-шоу» шаралары ұйымдастырылды. Аймақтың барлық аудандары қалалықтарға ақ
бауырсақ пен тәтті қымыздарын тегін тарту етті.
Айжан ҚУАШ