Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алты жасар баланың дене жарақаты жұртты шошытты

AstanaTV
07.07.2015ж. 20:00
1916
Алты жасар баланың дене жарақаты жұртты шошытты

Тараздық ана алты жасар баласын аяусыз соққыға жыққан деген күдікке ілініп отыр. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде бүгін тараған видео жұрттың жағасын ұстатты. Кадрдағы баланың денесінде сау жер жоқ. Қатігез ана құзырлы орындарға түсініктеме беріп те үлгіріпті. Данияр Әлімқұл толықтырады.

Алта жастағы Серіктің арқасы мен аяқ-қолдары әбден күйген. Балақайдың денесіндегі жарақатты алдымен дүкен иесі көріпті. Дүкенге барған баланы көрген ол дереу жедел-жәрдем шақыртады. Сауда орнындағы қызметкердің бірі бүлдіршіннің бұған дейін оның жарақаттанып жүргенін бірнеше мәрте көргенін айтты. 

Элмира Сүлейменова:

Айтады, мамасы ұрады екен, бір еркек айтады екен мамасына «өстіп-өстіп ұр» деп. Сол кезде ол ұрады екен. До этого да ол келген, бұл үшінші рет болады жарқатымен. Зимой он пришел: у него два глаза в синяках, басында гематомасы болған.

Баласын соққыға жығып, оны азаптаған ананың қылығы көпшілік тарапынан ашу тудырды. Енді ол заң алдында жауап беруі мүмкін. Әзірге тергеу амалдары басталыпты.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ІІД баспасөз хатшысы:

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 140-бабы, 2-ші бөлімімен «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасына 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 240 сағатқа дейінгі мерзімге, не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ал, Тараз қаласы білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторы бүгінгі жәйтті бізден естіп шошыды. Сондықтан ертеңнен бастап бұл іс бойынша білек түріп іске кірісетіндерін жеткізді.

Салтанат Нұрманова, Тараз қаласы білім бөлімі балалардың құқығын және мүддесін қорғау секторының маманы:

Бұл туралы, міне, сізден естіп отырмын. Ертең комиссия болады сағат төртте. Сол сағат төртке ата-анасын шақырамыз баланың. Ертеңге дейін бүкіл документтерін жинап, сағат төртте комиссияда қаралады.

Қазір зәбір көрген балақай қазір өз анасымен бірге. Құзырлы орын мамандары 42 жастағы ананың ешқандай жерде тіркеуде тұрмайтынын және жалғыз басты ана екенін анықтаған.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ