Атырау
іргесіндегі Береке ауылының халқы өзен суын тасып ішіп отыр. Қысы-жазы лайсаң ағатын Жайықтың
суын тіпті сатып алады. Су таситын көліктердің әрбірі екі мың теңгеден. Ауылда
ауыз судан өзге де проблемалар жетерлік. Тұрғындар 10 жылдан бері тіреуге
сүйеніп құлағалы тұрған мектептің жайына да алаңдаулы. Өздерін қайраңда қалған
ауыл деп санайтын берекеліктермен тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы кездесіп қайтты.
Береке
ауылының тұрғыны Мүбинә Құспанғалиева, "ауыз судан ауру табамыз ба"
деп алаңдаулы.Әйтсе де оны ішкеннен өзге амалы тағы жоқ. "Арнайы су таситын
көліктерге жалынып, Жайық өзенінен айына екі рет су алдырамын, әрбір көлік үшін
2 мың теңгеден төлеймін", - дейді ана. Қаладан тасымалданатын таза су екі есе
қымбат. Оны қалта көтермегендіктен, ауыл тұрғындарының көбі өзеннің лай суын
ішуге мәжбүр.
Биғаным
Әліпқалиева:
Күнбе
күн сұраймыз: «Қарағым мына суды қайдан алдың, таза емес қой деп. Қаланың суымен
салыстырғанда, анау деген сап-сары лай, батпақ. Қысы-жазы солай».
Ауылдың аты Береке болғанымен, ондағы тұрғындарының өмірі берекелі болмай тұр.
Мұндағылар 2007 жылдан бастап берілген жер учаскелеріне баспана тұрғызған.
Бірақ үй салуға жер таратқанымен, әкімдік әлі күнге баспананы заңдастыруға
рұқсат бермей келеді.
Әділбек
Құспанов:
100-деген
адам үйдің рұхсатын алған, аудан әкімінің шешімі бар. Жер комитетінің шешімі
бар, комиссияның шешімі бар. Бірақ бізге
жекешелендіруге рұхсат бермей отыр.
Электр
желісін мұндағы тұрғындар өз беттерінше тартып алған. Жел тұрса, теңселіп, құлағалы тұрған бағаналардың әрбіріне он
шақты үйдің желісі шоғырланған. Халық
аптап ыстықта салқындатқыш түгілі, тоңазытқыш қоса алмадық, - деп өкпелі.
Берекеліктердің бас ауруына айналған тағы бір мәселе - апатты жағдайдағы мектеп.
Базаргүл
Нәдірқызы, тілші:
Бұл
ғимарат 1973 жылы осы аумақтағы егін шаруашылығының уақытша жазғы жатақханасы
ретінде салынған. Кейін дәрігерлік пункт, балабақша орналасқан. Ал 1986 жылдан бері білім ордасына айналыпты.
10 жылдан бері тіреумен тұрған мектепке балаларын жіберуге ата-аналар қорқып
отырады.
Ақкүміс
Телеуова:
4
аяқты стол қалай қозғалады, тап сондай болып қозғалып тұрады, қатты жел болған уақытта. Ал жаңбыр жауған күні ана жерге шелек қояды, мына жерге табақ
қояды. Су сарылдап ағып тұрады. Бұл мектепте балаларды қалай оқытамыз?
Ауыл
тұрғындары әкімдіктің жыл сайын жаңа мектеп саламыз деген
уәдесіне сенуден қалған. Береке ауылы
қарайтын Махамбет ауданының әкімі Әлібек Нәутиев апатты білім ордасын
жеңіл-желпі жөндеуден өткізіп, тағы бір жыл пайдаланамыз деп отыр. Ал ауыз су, жарық пен жол проблемасын сөз
еткен 400-ге тарта отбасының мәселесі күрделі, - дейді басшы. Оның айтуынша, аудан басшылары халыққа жерді тұрғын үй салу
үшін емес, шаруашылыққа пайдалану үшін
берген көрінеді. Сондықтан олар тұрған аумақ Береке ауылының аумағына тіпті
енбейді де екен.
Әлібек
Нәутиев, Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі:
Ол
жерді тек жеке шаруашылыққа пайдалану керек. Ол жерге соның салдарынан
елді мекен болмаған соң, ешқандай жобалау-сметалық құжаттама жасалмаған. Ол
жерге газ, су тарту жөнінде құжат жоқ. Сол себепті ол жерге газ да, су да
тартуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан ол жерді әуелі елді мекен санатына енгізу
керек.
Енді
әкімдік 400 отбасының баспанасын Береке ауылы аумағына енгізуді қолға алмақ.
Коммуникациялық желілер содан соң ғана тартылады. Демек, Береке ауылының
берекесі кіретін күн әлі алыс секілді.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ