$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қызылжарда жаңа кірпіш зауыты ашылды

AstanaTV
08.07.2015ж. 20:00
3813
Қызылжарда жаңа кірпіш зауыты ашылды

Қызылжарда жаңа кірпіш зауыты ашылды. Өндіріс ошағы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында іске қосылды. Кәсіпорын жылына кірпіштің үш жарым миллион данасын шығаруды жоспарлап отыр. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында бұл материалға деген сұраныс өте жоғары. Осыған дейін теріскейдің құрылыс компаниялары кірпішті көршілес жатқан Көкшетау мен Ресейдің Омбы қалаларынан тасыған болатын.

Кәсіпорын басшысының пайымдауынша, жаңа зауыт өңір сұранысының 30 пайызын қамтамасыз етеді. Ал қосымша қажеттілік туған жағдайда өндіріс қуаттылығын 6 миллион данаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар,- дейді зауыт басшылары. Өнімнің бағасы да қол жетімді болмақ. Шикізат жергілікті кен орындарынан алынуда. Жаңа өндіріс ошағының ашылуына облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Оның айтуынша, қазір мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғызылатын үйлердің санын арттыру көзделіп отыр.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Бұл зауыт біздің осы облысқа қажетті кірпіштің үштен бірін қамтамасыз етеді. Біз жоспарлап отырған 124 мың шаршы метр, ол аз. Біздің Петропавл қаласының өзінде 10 мың адам кезекте тұр. Сондықтан келесі жылдары 2-3 есе көтеру керек. Сондықтан осындай құрылыс материалдарының үлкен зауыттарын біз салуды жоспарлап отырмыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН