$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Ж. Ертаев өз серіктесіне шындықты айтатын болса, көзіңді жоямын деп қорқытқан

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
2392
Ж. Ертаев өз серіктесіне шындықты айтатын болса, көзіңді жоямын деп қорқытқан

Үй қамақта отырған Жомарт Ертаев бизнестегі серіктестеріне қоқан-лоқы жасап жатыр. Бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген кәсіпкер Евгений Пак осылай деп мәлімдеді. Ол - Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті ретінде қамауға алынған Татьяна Пактың жұбайы. Ал Татьяна Пак «Алма ТВ» кабельдік телекоммуникациялық компаниясының иесі ретінде белгілі. Биыл жазда тергеу органдары әйелді РБК банкінен алаяқық жолмен несие алған деген күдікпен қамауға алған еді. Ол банкир Жомарт Ертаевқа 80 млн. АҚШ долларын алып, қайтармай кетуге көмектескен деп айыпталып, 6 айдан бері тергеу изоляторында отырды. Жақында сот оны үй қамаққа ауыстырды.

Евгений ПАК:

Жомарт Ертаев менің Мәскеудегі үйіме өзінің екі күзетшісін жіберіпті. Ол жерде менің кәмелет жасына толмаған екі балам мен бауырым тұрады. Өзім тергеуге түсініктеме беру үшін Алматыға келдім. Ертаевтың екі жендеті отбасы мүшелерімді қорқытып, үйде қалған менің телефонымды тартып әкеткен. Ол телефонда Жомартпен екеуара жазылған хаттарымыз бар болатын. Егер осы факті бойынша полицияға шағымдансақ, отбасы мүшелерімді өлтіретінін ескертіп отыр.

Мұндай жазбаларды ол бүгін журналистерге дәлел ретінде арнайы монитордан көрсетті. Еске салайық, "Bank RBK" акционерлік қоғамы төрағасының кеңесшісі Жомарт Ертаев қаржы инситутынан 80 млн. АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған. Осылайша қаржы алаяқтығына барды деген күдікпен бизнесмен биыл 8-мамырда Мәскеу қаласының орталығында құрықталған болатын.

Асқарбекұлы Р.