$474.83 €518.99 ₽5.4
×

Сыра зауыты сыртынан сатылып кетті

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
4807
Сыра зауыты сыртынан сатылып кетті

Павлодарда сыра зауытының құрылтайшы рейдерлік шабуылға ұшырадым деп отыр. Кәсіпкер 51 пайыздық үлесінің сырттай сатылып кеткенін айтып, арнайы брифинг өткізді. «Жаңа Роса» серіктестігінің меншік иесі Фуат Сатыбаевтың айтуынша қыркүйектің 19-ы күні кәсіпорынға «жаңа қожайындар» ретінде бір топ адам қарулы жасақпен сау еткен. Олар екінші құрылтайшыдан зауыттың 100 пайыз акциясын 5 млн 800 мың теңгеге сатып алғандарын айтыпты. Алайда, Фуат Сатыбаев бизнес-серіктесінің бұл әрекетінен бейхабар екенін айтады. Бұрын-соңды олардың арасында зауытты сату туралы әңгіме мүлдем қозғалмаған.

Фуат Сатыбаев, «Жаңа Роса» ЖШС бас құрылтайшысы: 

Менің 51 пайыздық үлесім кепілде тұрды. Сондықтан, оны Әділет органдарына тіркей алмадым. Бірақ, қолымда нотариуспен бекітілген сатып алу-сату келісім-шарты бар. Жағдайға байланысты білгеніміз жаңа қожайынның бірі криминалдық әлемге қатысы бар. Ал, екіншісі бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік. Біздің ойымызша ол бұл іске қысым көретіп отыр.  

Әділет департаментінің ақпаратынша, 19-қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Жаңа Роса» ЖШС қайта тіркеу туралы өтініш түскен. Құжаттарда серіктестіктің жалғыз қожайыны ретінде азаматша көрсетілген. Одан әрі меншік иесі 100 пайыз үлесті үш жеке тұлғаға сатқан. Бұл ретте, сатып алу келісім-шарты да жасалыпты. Ал, зауыттың екінші құрылтайшысы туралы Әділет органдарында ақпарат жоқ.  

Ернұр Қожамжаров, Павлодар облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы: 

Қолданыстағы заңға сәйкес сатып алушы бір айдың ішінде Әділет органдарына мемлекеттік қайта тіркеуден өту үшін жүгінуі керек. Азамат С. сатып алу-сату келісім-шартын биылғы жылы 21-маусымда жасаған. Сәйкесінше, ол бір айдың ішінде, яғни 21 шілдеге дейін бізге келіп, тіркелуі керек еді. Бірақ, бұл мерзім өтіп кетті. Ол тіркелген жоқ. Сәйкесінше, зауыттың жалғыз иесі А. ханым 100 пайыздық үлесті сатып жіберді.  

Мұхитова А. 



https://youtu.be/XmwCeKczYy0