Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Экс-әкімнен тәркіленген мейрамхана халыққа қызмет көрсету орталығына айналды

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
2967
Экс-әкімнен тәркіленген мейрамхана халыққа қызмет көрсету орталығына айналды

 Қостанайда экс-әкімнің тойханасы халыққа қызмет көрсететін орталыққа айналды. Экс-басшының мүлкі екі жыл бұрын тәркіленген. Содан бері ғимарат қаңырап бос тұрды. Құны 437 миллион теңгеден астам тойхана әуелі Мемлекеттік мүлік және жекшелендіру департаментінің құзырына өтіп, кейін ақпарат және Байланыс министрлігінің балансына берілді. Еске салайық, қала орталығында орналасқан «Метрополь» мейрамханасы жемқорлықпен сотталған Ахмедбек Ахметжановтың меншігі болған.

 Руслан Қалмұратов, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚОФ директорының орынбасары:

Екі күннің ішінде қазіргі уақытқа дейін үш жүзден астам азамат өз цифрлы электронды қолтаңбасымен келіп, осы жерден анықтамасы бар және өзге де құжаттарды өз бетінше алды.

Еске салайық, экс-әкімнің отбасына тиесілі тағы бір мейрамхана әзірге бос тұр.Тобыл өзенінің жағасына салынған ғимараттың құны 1 миллион АҚШ долларынан астам. Жалпы аумағы 1600 шаршы метр. Тәркіленген нысан облыстық кәсіпкерлік және идустриалды-инновациялық даму басқармасының балансында.

Санай З.