Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағанды облысының шенеуніктері автобусқа отырмақ

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
3957
Қарағанды облысының шенеуніктері автобусқа отырмақ

Әкімдер арасындағы трендтен Қошанов та қалыспақ емес. Қарағанды облысының шенділері қоғамдық көлікпен жиі қатынауы тиіс. Облыс әкімі бүгін бәріне осындай тапсырма жүктеді. Енді әкімінің барлық орынбасарлары, қала әкімінен бастап басқарма басшыларына дейін қоғамдық көлікпен жүруі тиіс. Шенеуніктер өздері мінген көліктегі қызмет сапасы, ішкі тазалық туралы апта сайын есеп беруге міндеттелді. Осылайша әкім қоғамдық көліктегі қызмет сапасын жақсартпақ. Өйткені кеншілер шаһарындағы жолаушы тасымалының сапасы сын көтермейді. Қазір қала тұрғындары жолаушы тасымалына қатысты жиі шағымданатын болған. Айта кетейік, қалада мамырда іске қосылуы тиіс электрондық жол ақы жүйесі де кешігіп жатыр. 

Ескендір Қабидолла, Қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және АЖ бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау үшін автобустар кестесін қайта қараймыз, рейдтер өткіземіз. Күнделікті таңертең автопарктерге барып, кондукторлардың киімдері мен көліктердегі тазалықты тексереміз. Тексеру үшін үнемі автобустармен жүреміз.

  Қуаш А.