"Цеснабанк" мәселесі шешілді. Салымшыларға есеп-шоттағы қаржыны сыпырып алудың қажеті жоқ. Банк басшылығы бүгін арнайы брифинг өткізіп, осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін туындаған қолма-қол ақша беруге қатысты шектеулер жойылды. Банк агросекторда қаржыландырған 30 ірі компанияның проблемалық несиесін сатып алуға Үкімет қаржы бөлген. Оған қоса, қаржы ұйымы акционерлері де ақша құюға әзір.
Ульф Вокурка, «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы:
Мәміле жасалды. Біз сатып алу-сату туралы тиісті келісімге қол қойдық. Жақын арада «Цеснабанк» осы қазыналық активтерге ақшалай қаражат алуды көздеп отыр. Сондай-ақ біздің акционерлеріміз қосымша 35 млрд-тан астап теңге капитал құюды көздеп отыр.
Бұдан бұрын Үкімет пен «Ұлттық банк» «Цеснабанктен» 450 млрд. теңгелік ауылшаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алу тетігін бекіткен еді. Бұл елдегі агросекторды дамытуға және қаржы мекемесінің жағдайын жақсартуға септігін тигізетіні айтылған.
Қылышбаева Г.
https://youtu.be/tjSP_Xng4-g