Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Өскеменде АЭС реакторларына арналған жанармай таблеткалары француз технологиялары бойынша өндіріледі

AstanaTV
26.09.2018ж. 20:00
3393
Өскеменде АЭС реакторларына арналған жанармай таблеткалары француз технологиялары бойынша өндіріледі

    Қазақстан мен Франция атом саласында күш біріктіруге мүдделі. Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен «Алтай-инвест 2018» форумында белгілі болды.

Николя Стюдер, Қазақстандағы Франция елшілігінің Экономика және сауда ісі бойынша кеңесшісі:

Атом энергетикасында «Үлбі металлургиялық зауытымен» байланыс орнатқымыз келеді. Зауыт атом реакторына қажетті жанармай таблеткаларын француз технологиясы бойынша өндіреді. Қазір осы жұмыстарды пысықтап жатырмыз. Бізде атом кәсіпорындары көп, еліміздегі электр қуатының 70% дәл осы атомнан алынады.

    Айта кетейік, сан салада кеңінен қолданылатын ұшақтарымен әлемге танымал француздық "Airbus" компаниясы, металл - титанды Өскеменнен сатып алады. Ал қазақ-венгер кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісін бастауға ниетті. Бұған дейін Шығыс Қазақстанды тек металлургиялық аймақ ретінде таныған венгрлер енді өңірдегі ауыл шаруашылығының әлеуетіне көңіл бөліп отыр.

Андраш Барани. Қазақстандағы Венгрия елшісі:

40 миллион доллардың барлығы да Қазақстан аумағында жұмсалады. Мен облыс басшысына осы қаржы көзін қолдануды ұсындым. Венгерлік технологияны пайдалана отырып, бірлескен жобаларды іске асыруға болар еді .

    Бүгінгі форумда құны 886 млрд теңгеден асатын 110 жоба ұсынылды. Инвесторлар Бұқтырма көпірінің құрылысы, жылыжай кешендерін тұрғызу, Өскеменде 300 орындық аурухана салу, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен энергетика саласына қызығушылық танытып отыр.

Карин Е.