Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде бастауыш сыныптарда оқулық жетпей жатыр

AstanaTV
26.09.2018ж. 20:00
3839
Ақтөбеде бастауыш сыныптарда оқулық жетпей жатыр

         Әліппесіз өткен қыркүйек. Ақтөбеде бірінші сынып балғындары бір айға жуық оқулықсыз отыр. Қалада тоғыз бірдей мектепте әліппемен танысу әлі өтпеген. Өйткені оқу жылының соңында кітапқа тапсырыс беру кезінде білім бөлімі оқушылар санағын дұрыс жүргізбеген. Бақыт Рахметова торлықтырады.

Жалғыз түйір жаратылыстану беріп тұр. Әліппе білмейтін балаға, тіпті альфавит білмейтін балаға жаратылыстанудан не пайда, не қайыр?!

Гүлбахрам Мәлікованың ұлы биыл нөмірі 70-ші орта мектепте 1-сыныпқа барды. Бірақ содан бері кітап бетін ашпаған. Тек дәптерге толтырған сөмкесін арқалап, мектепке келіп-кетіп жүр. Оқулық болмаған соң, жаңа бағдарлама бойынша берілген тапсырмаларды мұғалім "Уатсап" арқылы жіберетін көрінеді.

Гүлбахрам Мәлікова:

Балаға бірінші класта бірде бір кітап жетпей жатыр. Міне отырмыз баламен арпалысып, күнде ватсап қараймыз не жіберді деп соны қараймыз. Альфавит жазамыз дәптерге. Бірақ кітап болмаған соң не білім, білім бола ма?!

Осы бектепте екі бірдей сынып әліпессіз отыр. Оған қоса 4, 6, 7, 9 сыныптарда оқулық тапшы көрінеді.

Бірінші әже:

Вообще кітап жоқ. Бүгін тек бір кітап берді.

Екінші адам:

Бірде бір кітап алған жоқпыз. Дәптер сатып алдық. Сонымен оқып отырмыз. Мектеп басшылығы мұны биыл оқушылардың көп келуімен байланыстырады. Ұстаздар кітапқа тапсырысты әдетте оқу жылының соңында береді. Биыл үш сыныпқа бала қабылдау жоспарланған. Бірақ қыркүйекте алты бірінші сынып ашылған көрінеді.  

Гүлзипа Байжанова, №70 орта мектептің директорының орынбасары:

Қазір екі класс комплект жетіспеушілік бар. Бұл себебі Ақжар-2 ауылында көп адам қоныстануда. Балалар күннен күнге толығып жатыр. Қазір оқулық жетіспеушілік бар. Қазір он комплект келді. Бірінші қазанға дейін барлық сыныптарға қамтамасыз етеміз деп отырмыз.

    Қаладағы тоғыз мектептің күйі осы. Олар "Нұр Ақтөбе", "Батыс", "Ақжар" аудандарында орналасқан. Оқулық тапшылығы жаңа мектептер мен қарқынды дамып жатқан аудандарда байқалады.

Гүлназ Мырзағалиева, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

Оқулық жетіспеушілік осы 1 сыныптарға қатысты болып тұр. Себебі, былтыр 8655 оқушы бірінші класта білім алса, биыл 10418 оқушы болып тұр. Кітапхана қорында артығымен алынған кітаптар бір мектептен екіншісіне берілуде.Тапсырыспен кейін қамтамасыз етіледі.

Бақыт Рахметова, тілші:

Қала мектептеріндегі оқулық тапшылығы мәслихатқа да жетті. Ақыры қосымша қаржы бөлуге тура келді. Оған 107 миллион теңге қаралған. Енді баспаға тапсырыс беріледі. Шенділер проблема қазан айының ортасына дейін толық шешіледі, деп сендірді.

 Рахметова Б.