Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Биыл екпеден бас тартқандар саны азайған - Жандарбек Бекшин

AstanaTV
26.09.2018ж. 20:00
2842
Биыл екпеден бас тартқандар саны азайған - Жандарбек Бекшин

    Астана қаласы мен Қостанай облысында тұмауға қарсы вакцина жетіспейді. Бұл туралы бас санитар Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Айтуынша, Комитет вакцина сатып алуға конкурсты уақытында өткізген.

    Алайда, аталған аймақтар дозаны тиісті мөлшерде сатып алмапты. Астанаға әзірге 30 мың вакцина жеткізілген. Қосымша 50 мың сатып алу көзделеді. Ал Қостанайда қазір 57 мың доза бар. Өткен жылы 82 мың адам екпе салдырған. Бас санитар 5 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге екпені бірінші салуды ескертті. Олар ең жиі ауыратын қауіпті топқа жатады дейді.

Жандарбек Бекшин - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

Барлық асқынулар отит, пневмония, жүрек, бүйрек және тағы басқа аурулардың 70, 80 пайызы ол тұмаудың және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың нәтижесі деп айтуға болады.

    Бір айта кетері, биыл елде екпеден бас тартқандар саны азайған. Бұрын вакцинадан бас тартқан 2000-нан аса адам оны қайта салдырған.

Бектас А. 


https://youtu.be/UJfp0nX8uR0