Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қаражатты терезелерге қорғау торын қоюға жұмсаймын - Артем Карев

AstanaTV
26.09.2018ж. 20:00
2823
Қаражатты терезелерге қорғау торын қоюға жұмсаймын - Артем Карев

Бейбіт күннің батыры құрметке бөленді. Күні кеше Астанада 10-шы қабаттың терезесінен құлап бара жатқан баланы құтқарған. Артем Каревты бүгін «Нұр Отан» арнайы марапаттады. Партиялықтар жігіт ағасына төрағаның бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың атынан бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Епті жігітті Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов та ұмыт қалдырған жоқ. Қала басшысы құтқарушыға алғыс айтып, 500 мың теңгенің сертификатын табыстады. Артем қаражатты өзіне емес, игі іске жұмсауды жөн көріп отыр. Ол жоғары қабатта тұратын көпбалалы отбасылардың терезесіне қалқан қоюға көмектеспек.

Артем Карев, Астана Қаласының тұрғыны:

Әлеуметтік желідегі танысымның терезелерге қорғау торларын қоюмен айналысатын фирмасы бар. Осы қаражатты сол досыма беремін. Бірінші, жоғары қабатта тұратын, көп балалары бар отбасы үйлерінің терезесіне қалқан қояды.

Бектас А.