Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Екі полицей арасындағы жанжал бірінің өлімімен аяқталды

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
2479
Екі полицей арасындағы жанжал бірінің өлімімен аяқталды

Алматылық полицейдің өліміне қатысты бүгін Ішкі істер министрі түсінік берді. Тергеу дерегінше әріптестер арасындағы жанжал отбалық кикілжіңнен туындаған. Жергілікті полиция қызметі инспекторының қолында қызметтік қару болған. Гаражда туысымен, яғни, әпкесінің күйеуімен кездескен азамат күдікті жездесін атып салған. Министрдің айтуынша қайтыс болған азамат жарты жыл бұрын әйелін үш баласымен тастап кеткен екен. Соның салдарынан екі полицейдің арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталды. Жәбірленуші кеше ауруханада жан тапсырды. Ал, күдікті қамауға алынды. Ол уақытша ұстау абақтысына жабылды. 

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Ол кезекшілігін өткізуге келген. Сол кезде екеуара жанжал соңында оқ атылған. Кешкі тоғызда жәбірленуші көз жұмды. Осы жайтқа байланысты «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қоса, әлеуметтік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.  

Айта кетейік, бұл полицейлер арасында атыспен аяқталған алғашқы жайт емес. 6-қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінде ішкі күзет взводының командирін қол астындағы қызметкері атып тастаған. Қылмыстың себебі - жеке бас араздығы. Қазір бұған қатысты тергеу жалғасып жатыр.