Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағандыда балабақша директоры ата-аналардан 50 млн теңге жинап алды деген күдікке ілікті

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
3340
Қарағандыда балабақша директоры ата-аналардан 50 млн теңге жинап алды деген күдікке ілікті

"Миллионер меңгеруші"! Қарағандыда ата - аналардан 50 млн теңге жинап алды деп күдікке іліккен балабақша меңгерушісіне қатысты сот басталды. Білім мекемесінің директоры 27 адамнан «Бақшаның жағдайын жақсартамын» деген желеумен қарызға ақша алған. Сот отырысынан Айжан Қуаш.

Игорь Виннер баласын бақшаға беремін деп басым дауға қалды дейді. Наурыз айында мектепке дейінгі мекеме басшысына қарызға 1 миллион теңге беріпті. Балабақша меңгерушісі 1 айдан соң қайтару туралы қолхат та жазған. Есесіне, Игорьдің қызы 6 жасқа дейін бақшаға тегін барады деп уәде беген. 

Игорь ВИННЕРЬ, ЖАПА ШЕГУШІ:

Бұл ақшаны анамды емдету үшін жинағанмын. Балабақша директоры Анна Богатова қайта-қайта телефон шалып, сұрап қоймаған соң балам үшін бердім. Ұсынысқа ақыры келістім. Бірақ, ол уәдесінде тұрмады. Қарыздың жартысынан астамын қайтарды да ұстатпай кетті.

Лира Хамитова да Игорьдің кебін киіп отыр. Сұрамшақ директорға немересі қараусыз қалмасын деп 1 миллион теңге ұстатқан.  

Лира ХАМИТОВА, ЖАПА ШЕГУШІ: 

Бір барғанымызда медбике жұмыстан шығып кетіпті. Бұрын әр топта екі тәрбиешіден болса, кейін біреуі ғана қалды. Тәрбиешілердің өзі балаларға тамақ жоқ, өз ақшамызға тамақтандырдық, деді. Расында да балаларымыз бақшадан аш келетін. Ал, директор бізбен кездесуден қашты.

Наталья ЖУЛИНСКАЯ, ЖАПА ШЕГУШІЛЕРДІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ: 

Ол 20 дан астам адамнан қарызға ақша алып, ақысына балалар бақшаға тегін барады деген. Ол мүмкін бе? Бұл расында да алдау, алаяқтық екені тергеу барысында дәлелденген.

Басы дауға қалған меңгеруші ата-аналардан ақша алғанын мойындайды. Бірақ,  50 миллион емес деп отыр. Банктен несие алып қайтармақ болған. Серіктесім сатып кетті. Бәрінен айырылдым деп ағынан жарылды. 

Мен ата- аналар алдында өз міндетімді орындамағанымды мойындаймын. Қатты өкініп, кешірім сұраймын. Бірақ қарызым 50 млн емес, оның жартысы ғана. Бірақ, біреуді алдайын деген ойым болған жоқ. Расында да, ғимаратты жалдауға, бизнесімді дамытуға млн- дар керек болды. 

Тергеу Анна Богатованың Қарағандыда 3 балабақшасы, мектеп оқушыларына арналған даярлық тобы болғанын анықтады. 5 жыл бойы жұмыс істеген жеке меншік мекемелерде 250-ден астам бүлдіршін тәрбие алған. Қазір олар жабық. Өйткені, айыпталушы жалға алған ғимараттарға көк тиын төлемеген.   

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: 

Бақша директорының үстінен «Алаяқтығы» үшін іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылады немесе ірі көлемде айыппұл арқалайды.