$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Жер мен мүлік салығын 1 қазаннан кешіктіргендерге банктік есепшот ашылмайды

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
4918
Жер мен мүлік салығын 1 қазаннан кешіктіргендерге банктік есепшот ашылмайды

Бұл уақытта алматылықтар жер мен мүлік салығына 200 миллион теңгеден астам берешек. Жер мен жылжымайтын мүлікке жеке үй, пәтер және жеке көлік тұрағы кіреді. Тұрғындар оны 1-ші қазанға дейін төлеуі тиіс. Әйтпесе банктер арқылы қандай да бір қызметтер көрсетілмейді. Тіпті бір теңге берешек болса, есеп-шот ашу несие рәсімдеу мүмкін емес. Мұндай қатаң талап Салық кодексіне шілдеде енгізілген. Уақыттың тапшылығына орай, мамандар сенбі күні де жұмысқа шығады. 

Арман НАЗАР, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Мүлік және жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуді сұрайды. Болмаса өсімпұл жүреді. Салық кодексінің 24 бабының 15 тармағына сәйкес салықтық берешегі бар азаматтарға, борышкерлерге яғни, банктік мекмелерде банктік шот ашу бойынша қызметтер көрсетілмейтін болады.

Ал, көлік салығы 1-ші желтоқсанға дейін төленуі тиіс. Қазір Қазақстанда салық төлемеген азаматтар саны 1 млн 342 мың. Олардың берешегі 25,3 млрд теңгені құрайды. Атап айтсақ, жылжымайтын мүлікке - 1,2 млрд.теңге салық төленбеген. Жер салығы бойынша берешек 700 млн теңге. Ал көлік тізгіндегені үшін ел тұрғындары 19,3 млрд.теңге салық төлеуі тиіс. 

Салық төлемеген 1 342 411 адам 25,3 млрд теңге қарыз. Негізгі қарыз - 17,9 млрд теңге. Мүлік салығы - 440 567 адам 1,2 млрд теңге. Жер салығы - 376 166 адам 0,7 млрд теңге. Көлік салығы - 795 485 адам 19,3 млрд теңге.  

О. Нұржақып