Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Автотұраққа ақша төлемеген астаналықтарға 30 млн теңгеге дейін айыппұл салынды

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
3995
Автотұраққа ақша төлемеген астаналықтарға 30 млн теңгеге дейін айыппұл салынды

Астана да қарыздан кенде емес. Мұнда автотұраққа ақы төлемеген жүргізушілер айналдырған сегіз ай ішінде 30 млн теңге айыппұл арқалады. Яғни, 27 мың адамға әкімшілік айыппұл салынды. Астанада ұзын саны 487 автотұрақ ақпан айынан бері ақылы түрде жұмыс істейді. Жаңа жүйе енгізілгелі көлік қожайындары 9,1 млн теңге төлем жасаған.

Руслан ӘБДУӘЛИЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бір жүманың ішінде айыппұлды төлейтін болса, онда барлық әкімшілік құқықбұзушылар сияқты 50 пайызын төлей алады. Ал егер бір жүманың ішінде төлеп болмаса, екі есе артық төлейді. Ертеңгі күні мүлде төлемеген жағдайда ол кісілердің материалдары сотқа жолданып, сотқа жүгіну арқылы айыппұлды төлетеді.

Жыл соңына Астана ақылы автотұрақ саны 4 мыңға жетеді. Келесі жылы оны 10 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Айта кетейік, ақылы автотұрақ тарифі сағатына 100 теңгені құрайды. Демалыс және мейрам күндері тегін.  

А. Бектас