$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Сайлауға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұялы телефон қосымшасын енгізу керек, - Д.Кәлетаев

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
2659
Сайлауға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұялы телефон қосымшасын енгізу керек, - Д.Кәлетаев

Сайлауға ноу-хау. Дархан Калетаев саяси науқанның қоғамдағы рөлін арттыру үшін мобильдік қосымшаға қосуды ұсынды. Сондай ақ, үкіметтік емес ұйымдар науқанды бақылауға белсенді қатысуы керек, дейді. Олардың рөлін күшейту сайлау жүйесіндегі азаматтардың таңдау еркіндігіне айтарлықтай ықпал ете алады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы мен Қоғамдық даму министрлігі бірлескен отырыс өткізді. Онда сайлау заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. 

Дархан КӘЛЕТАЕВ, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Сайлау науқандарына ақпараттық-коммуникативтік қолдау көрсету үшін ұялы қосымша енгізетін уақыт келді. Өйткені, бүгінгі таңда азаматтардың ғаламтордағы, әлеуметтік желілердегі белсенділігі соңғы 10 жылда 6 есеге артқан. Саяси шараның нәтижесі бойынша еркін пікірлердің қалыптасуында ұялы қосымшаның маңызы айтарлықтай болады.    

Ғ. Қылышбаева