«Орталық Азия» халықаралық сауда аймағы құрылуы мүмкін. Бұл Түркістан облысымен қатар республика экономикасының да өркендеуіне тың серпін береді. Бұл туралы Түркістан облысына қызметтік сапармен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізген Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Оның сөзінше 2020-шы жылға қарай Өзбекстанмен арадағы тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына жеткізуге болады. Осыған байланысты Өзбекстан тарапымен бірлесіп, халықаралық сауда аймағы мен "Түркістан" халықаралық өткізу бекетін құруды тапсырды. Мемлекет басшысы аймақта кәсіпкерлікті дамытып, инвестициялар тарту үшін жағдай жасау керектігін айтты. Сондай-ақ халыққа да жайлы жағдай жасауды жүктеді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Елдің оңтүстігі көркеюі үшін Түркістан облысын үлкен қалалар қатарына қосамыз дедік. Өзіде қосылды Алматы,Астана,Шымекент қосылды. Енді аз жылда Түркістанда қосылса, аз жылда Астана сияқты көзіміз қуанатын шаһарға айналдырамыз, сол үшін бәріміз жұмылып жұмыс істейтін болайық.
Президент қаланың бас жоспарын бекітті. Шенеуніктер ішкі туризмді өркендету мен тиісті туристік инфрақұрылымдарды да дайындауы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев шаһар тұрғындары санының өсуіне және туристердің көптеп келуіне байланысты әкімдік, «Самұрық-Қазына» қоры, Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, Түркістан қаласының теміржол вокзалын қайта жасап, әуежай салуды тапсырды.