Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Бала ұрлығына қатысты ақпарат жалған - Алмас Сәдубаев

AstanaTV
01.10.2018ж. 14:00
3201
Бала ұрлығына қатысты ақпарат жалған - Алмас Сәдубаев

Бала ұрлығына қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді. Ведомствода жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертті. Айта өтейік, елде бала ұрлығы көбейіп кетті деген хабарлама желіде дүрбелең турдырған еді. Алайда, министрліктегілер ел аумағы бойынша бала ұрлау секілді қылмыс тіркелген жоқ дейді.  

Алмас СӘДУБАЕВ - ҚР ІІМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

WhatsApp-та балаларды ұрлауға қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкеспейді. Еліміздің аумағында балаларды ұрлауға қатысты қылмыс тіркелген жоқ. Көпе көрнеу жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескерткім келеді.