Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Индонезияда құрбандар саны артуда

AstanaTV
01.10.2018ж. 14:00
2428
Индонезияда құрбандар саны артуда

Соңғы мәліметтерге сай Индонезиядағы зілзаладан зардап шеккендердің саны 1200 адамға жетті. Ел үкіметі құрбандар саны әлі де артуы мүмкін дейді. Себебі құтқарушылар Палудан 300 шақырым қашықтықта орналасқан Дунгала ауданымен байланыс орната алмай отыр. Онда 300 мыңдай адам тұрады. Индонезия президенті Джоко Видода тілсіз жаудың салдарынан 16 мыңнан астам тұрғын баспаналарын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болғанын айтты. Құтқарушылар қазір күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осы орайда Индонезияға гуманитарлық көмек ретінде Оңтүстік Корея 1 млн доллар,Евроодақ 1,5 миллион евро қаржы аударатынын мәлімдеді.  

 Джоко ВИДОДО,ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бізде қазір өте қиын жағдай орын алуда. Қосымша жанармайға тапсырыс берілді. Жақында тағы техника жібереміз. Оқиға орнына азық және ауызсу жеткізілуде. Құтқару амалдары жүріп жатыр. Бізге қазір барынша бекем болу керек.

Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі Индонезияда зардап шеккендердің арасында қазақстан азаматтарының жоқтығын мәлімдеді. Естеріңізге салсақ, 28 қыркүйек күні Паулу қаласына жақын орналасқан Сулавеси аралында 6,1 және 7,4 магнитудасымен екі жер сілкінісі болды. Қуатты жерасты дүмпулері биіктігі екі метрден асқан цунамидің туындауына әкеп соқтырды.