Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Назарбаев университетінде ашық есік күні ұйымдастырылды

AstanaTV
01.10.2018ж. 14:00
3424
Назарбаев университетінде ашық есік күні ұйымдастырылды

Назарбаев университетіне қалай түсуге болады? Оқу ордасында білім алғысы келетін талапкерлер мұны арнайы ұйымдастырылған ашық есік күнінде білуге мүмкіндік алды. Олар құжат тапсырудан бастап, дайындық курсындағы талаптарға дейін танысты. Қалаған мамандығы бойынша білім беретін мұғалімдермен кездесіп, оқу бағдарламаларына үңіліп көрді. Ашық есік күні биыл 9-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жылына Назарбаев университетіне 700-ден астам түлек оқуға түседі. Өткен жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттен 1813 грант бөлінді. Ал университеттің алғашқы түлектері енді білім ордасында ұстаздық етпек.  

Қадиша ДАИРОВА, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТІК ІСТЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Докторантураны бітіріп балалар қайтіп келе жатыр. Осы жазда бірнешесі келіп: "Біз осы университетке келіп жұмыс істейміз",-деді. Қай жерде болсын жұмыс жасай берсін. Өйткені, Назарбаев университеті өзіне ғана кадрларды дайындамайды. Бүкіл Қазақстан университеттеріне дайындаймыз. Бізден бітірген студенттер Назарбаев Зияткерлік мектептерінде, басқа да мектептерде жұмыс жасап, балаларды оқытады.

Ашық есік күнінде алғаш рет киберспорттан турнир өткізілді. Киберпәнді таңдау, виртуалды жарыстарға қызығушылықты арттыру мақсатындағы шараға кез-келген жастың қатысуына болады. Технология заманында бейнеойындарды тиімді пайдалану әрбіріміздің қолымызда дейді Мұрат Нұрасыл.  

 Мұрат НҰРАСЫЛ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Мен қазір ФИФА ойынын, яғни футбол ойынын ойнап жатырмын. Мысалы, кейбір адамдарда футбол алаңына барып ойнауға мүмкіндік болмайды. Осындай видео ойыны арқасында қасымдағы досыңмен бірге футбол ойнау қабілетін дамытып, тактикасын үйреніп, адамдардың футбол ойнау қабілетін дамытқанын көруге болады.