Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жапонияда Трами тайфуны салдарынан екі адам қаза тапты

AstanaTV
01.10.2018ж. 14:00
2606
Жапонияда Трами тайфуны салдарынан екі адам қаза тапты

Жапонияда Трами тайфуны салдарынан мыңға жуық адам зардап шекті, қаза тапқандар да бар. Тіпті әуе рейстерін тоқтатуға тура келген. Рейтерстің хабарлауынша, осы сағатқа дейін мыңнан аса ұшақ діттеген жеріне жете алмады. Ал Токио мен батыс және оңтүстік-батыс аймақтар арасын жалғайтын жоғары пойыздар да тоқтап тұр. Окинавада да жойқын желден шамамен 50 адам зардап шеккен. Барлығы түрлі дене жарақаттарымен ауруханада жатыр. Аймақтағы электр желілері де зақымдалған. 200 мыңға жуық үй жарықсыз отыр. Метеорологтар бұл тайфунның түрін «трами», яғни «өте күшті» деп атады. Қазір құйынды желдің жылдамдығы секундына 45 метрге жетті.