Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Күйеуін 5-ші қабаттан құлатпақ болған әйелге қатысты тексеру басталды

AstanaTV
01.10.2018ж. 20:00
2126
Күйеуін 5-ші қабаттан құлатпақ болған әйелге қатысты тексеру басталды

Күйеуін 5-ші қабаттан құлатпақ болған әйел шартты түрде 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-ның мамандары мәлімдеді. Еске салсақ, 29-шы қыркүйек күні оңтүстік-шығыс ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам 5-ші қабат терезесінен құлай жаздаған еді. 40 жастағы ер азамат әйелімен жанжалдасып, секірмек болады. Осы кезде жұбайы терезені іштен жауып алады. Оны кездейсоқ өтіп бара жатқан полиция капитаны Ербол Саликов құтқарған.

Әлия БАКИМБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: 

Үйінде әйелі болған. Қазір жұбайына қатысты ҚР ҚК 105-ші бабы бойынша өзін-өзі өлтіруге жеткізу бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. ҚР қылмыстық кодексінің 201-ші бабына сәйкес аталған сотқа дейінгі тергеу-тексеру жариялауға жатпайды.

Ғ. Қылышбаева