Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Лаңкестер Орталық Азияда лаң салуы мүмкін

AstanaTV
01.10.2018ж. 20:00
2282
Лаңкестер Орталық Азияда лаң салуы мүмкін

«Лаңкестер Орталық Азияда лаң салуы мүмкін». Ресей Президентінің арнайы өкілі Замир Кабулов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымы жуырда 2,5 мың лаңкес Ауған-Пәкістан шегарасына өткені туралы айтқан. «Олардың басым бөлігі Орталық Азиядан шыққандар», дейді Кабулов. Және аумаққа саяси тұрақтылықты бұзуға арнайы жіберілген деп топшылайды. ДАИШ-тың Ауғанстандағы негізгі күшін Орталық Азиядан шыққандар құрайды. Бұдан бұрын ТМД антитеррористік орталығының полковнигі Андрей Новиков ДАИШ Орталық Азияда «мүлгіп отырған» бөлімдерін іске қосады деген еді. Ал, Ресей Қаупсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушов Сирия сценариі Ауғанстанда қайталануы мүмкін екенін ескертті.

М. Дюсекина