Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарттар үйіндегі 17 қарияға «Умра» қажылыққа жолдама берілді

AstanaTV
01.10.2018ж. 20:00
2940
Қарттар үйіндегі 17 қарияға «Умра» қажылыққа жолдама берілді

Алматыдағы қарттар үйіндегі қарияларға, Меккеге зиярат ету үшін 17 жолдама берілді. «Умра» қажылыққа, яғни, кіші қажылыққа барып қайту олар үшін тегін болады. Мұндай мүмкіндікті жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып келген еді. Биылдан бастап жекелеген қайырымдылық қорлар да осы шараға ат салыса алады. «Ардагерлер үйі» деп аталатын қарттарға арналған мекемеде қазір 278 адам тұрып жатыр. Оның ішінде 5-уі Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Бұл мекеме толықтай мемлекет қарауына алынған.

Берік қажы ӘДИЕВ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОР ТӨРАҒАСЫ: 

Біз енді жалғыз осы қарттар үйіндегілерге ғана емес, қаладағы көптеген төсек тартып жатқан ақсақалдарымыз бен апаларымызға барып көмектесеміз деген жоспар құрып отырмыз. Сосын біз көптеген кәсіпкерлерді осы біздің қор арқылы осы қарттар қауымына қайырмдылық көрсетуге шақырамыз.  

Р. Асқарбекұлы