$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Karachaganak Petroleum» Қазақстан бюджетіне 1,1 млрд доллар қайтарады

AstanaTV
02.10.2018ж. 20:00
2639
«Karachaganak Petroleum»  Қазақстан бюджетіне 1,1 млрд доллар қайтарады

«Karachaganak Petroleum» Қазақстан бюджетіне 1,1 млрд доллар қайтарады. халықаралық сот осындай үкім шығарды. Әлбетте мұны Үкіметтің жеңісі деп бағалауға болады. Бұдан бұрын арадағы дау-дамайды жылы жабу үшін шетелдік инвесторлар ауызбастырық беруге де тырысқаны айтылған. Бірақ, Қазақстан тарапы істі сотқа дейін жеткізді. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Бозымбаев бүгін батырдың кейпінде. Үкімет үйінде өтетін жиналыстан соң, әдеттегідей алды-артына қарамастан тайып тұрмады. Арнайы пресс қабырғаға келіп «жеңісімен» бөлісті. Мұнай гигантымен арада бес жыл басталған іс 2016 жылы халықаралық сотқа жүгінді. Ақыры ол Қазақстанның пайдасына шешілді. Енді «Қарашығанақ» акционерлері 1,1 млрд доллар өтемақы төлейді. Және Үкімет мен концорциум арасындағы ескі келісім өзгертілмек.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Осының нәтижесінде республикаға мұнай баррелі 60 доллар болса, 360 млн доллар қосымша ақша әкеледі. Егер мұнай 80 доллар болса, қосымша 423 млн доллар қайтады.

Мұнай гиганты өтемақыны бюжджетке алдағы үш жылда аударады. Бұдан бөлек инфрақұрылымдық жұмыстарға он жылға 1 млрд доллар қарыз беруге әзір. Егер несиеден бас тартсақ, 200 млн доллар төлеп құтылады. Концорциумның отандық мұнай өңдеу зауыттарына бөлетін шикізат көлемі де келісілген.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Миллион тонна мұнай конденсанты, млрд текше метр табиғи газ береді. Конденсат мұнай өңдеу зауыттарының өндіріс көлемін арттыруға бағытталады. Табиғаи газ Батыста газ-химия өндірісін дамытуға беріледі.

Үкімет шетелдік инвесторлармен 1997 жылғы «Өнімді бөлу келісім-шарты» бойынша жұмыс істейді. Ол-инвестор жобаға құйған қаржыны толық қайтарып алғанша, бюджетке бір тиын да бермейді деген сөз. Құжат 2037 жылға дейін күшінде. «Financial Times» концорциум дауды жылы жабу үшін Үкіметке 300 млн доллар ұсынды деп жазды. Бірақ, Қазақстан бұған келіскен жоқ. Мүйізі қарағайдай мұнайшылар шешім біздің пайдамызға шығарылды деп сенеді.

Қайыргелді ҚАБЫЛДИН, «КАСПИЙ ҚҰБЫР ӨТКІЗУ КОНСОРЦИУМЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Любая доверенность - это консолидация взаимных компромиссов и уступок. И она наверное достигунта с учетом выгодой Казахстана.

Айта кетейік, «Қарашығанақ» мұнай-газ кеніші Батыс Қазақстанда Бөрілі ауданыда орналасқан. Кенішті игерумен «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» айналысады. Оның құрамына «British Gas» (29,25%), «Eni» (29,25%), «Сhevron» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «ҚазМунайГаз» (10%) кіреді.

М. Бақытқызы